"Өнертану" білім беру бағдарламасының екінші курс докторанты Гаухар Аспандиярқызы қазіргі уақытта Германиядағы беделді Пассау университетінде (Universität Passau) ғылыми тағылымдамадан өтуде.
Тағылымдама шеңберінде докторант шетелдік ғылыми жетекші, белгілі кинотанушы профессор Биргит Беймерспен тығыз жұмыс жасайды, университет оқытушылары мен жас зерттеушілерімен тәжірибе алмасады, заманауи оқыту мен ғылыми зерттеулер жүргізу әдістерін меңгереді. Ол алған жаңа білімдері мен кәсіби дағдыларын өз диссертациялық зерттеуінде және педагогикалық қызметінде қолдануды жоспарлап отыр.
Докторант Арал теңізі мәселелеріне арналған "Эко-дискурс" ғылыми семинарында сәтті баяндама жасады. Австрияның Инсбрук қаласында өткен бұл шарада ол "Арал – адам эмоцияларының айнасы. Арал – трагедиялық махаббат пен тағдыр мекені" тақырыбында сөз сөйледі. Баяндамада қазақ киносы арқылы Арал теңізінің бейнесі "Қырық бірінші" (1956) және "Ине" (1988) атты екі культтік фильмдер негізінде талданды. Семинар экология, мәдениет және кино саласындағы зерттеушілерді біріктіріп, Арал теңізінің өнер және әлеуметтік контекстердегі маңыздылығын талқылауға арналған алаңға айналды.
Тағылымдама барысында докторант Пассау университетінің үздік профессорларының дәрістеріне белсенді қатысуда, мысалы: • Оқытушы: Prof. Dr. Karsten Fitz Курс: Америкалық саясат мәдениеті Тақырып: Мәдени хабарламалар (Рейганнан Трампқа дейін).