2025 жылдың 21 қаңтарында Академия кітапханасында мектеп оқушылары арасында READx жобасы аясында француз жазушысы А. де Сент-Экзюперидің «Кішкентай ханзада» ертегісі талқыланды.
Іс-шараның спикері – 7А сынып оқушысы Амантай Әбдірахман ертегі төңірегінде өз ойларымен бөлісті. «Кішкентай ханзада» – бұл сіз бен біз туралы, достық пен жалғыздық, ересектер мен балалар, адами құндылықтар туралы кітап. Оқушылар философиялық мағынаға толы ертегіден көптеген жаңа әсерлер алды.