2025 жылдың 28 ақпанында «READx» жобасы аясында Гавриил Троепольскийдің «Белый Бим Черное ухо» кітабына арналған қызықты талқылау өтті.
Іс-шараның спикері – 5В сынып оқушысы Жомарт Назерке, ол оқыған шығармасы туралы өз әсерлерімен жан-жақты бөлісті. Ол тек кітаптың сюжеті мен қызықты тұстары туралы айтып қана қоймай, «Менің сүйікті кітаптарым» атты көрмемен таныстырды. Көрмеге Назеркенің жеке кітапханасынан және Академияның мектеп кітапханасының қорынан алынған кітаптар қойылды. Троепольскийдің кітабы оқушылардың назарын аударып, қызу талқылау тудырды және толық оқып шығуға деген қызығушылық туғызды.