Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ғылым дамуына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен: өнер факультетінің өнертану және арт-менеджмент кафедрасының профессоры Джумасеитова Гүлнәр Тазабекқызы, хореография факультетінің балетмейстер өнері кафедрасының профессоры Ізім Тойған Оспанқызы, хореография факультетінің педагогика кафедрасының профессоры Кульбекова Айгүл Кеңесқызы, хореография факультетінің балетмейстер өнері кафедрасының меңгерушісі Саитова Гүлнара Юсупқызы марапатталды.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен концерттік қызмет және сахналық практика бөлімінің басшысы Гүлнар Жұмабайқызы Әлиева, «Еңбек ардагері» ведомстволық медалімен кәсіптік білім беру мектеп-колледжінің арнайы пәндер бойынша пәндік-циклдық комиссиясының оқытушысы Назира Сәрсебайқызы Абдулина марапатталды. Заң секторының басшысы Сәуле Нұрайқызы Искакова Құрмет грамотасымен марапатталды. Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімінің маманы Айнұр Бейімбетқызы Қаженоваға алғыс хат табыс етілді.
Қазақ ұлттық хореография академиясының ұжымы әріптестерін лайықты наградаларымен құттықтайды! Сізге мол табыс, жаңа жетістіктер және шығармашылық шабыт тілейміз!