Республика күніне орай 2024 жылғы 15 қазанда Академияның хореография факультеті Қарағанды қаласына гастрольдік сапармен барды.
Концерт Е. А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде өтті. Ұлттық мерекеге арналған концерт бағдарламасында әлем халықтарының жарқын және темпераментті билері, заманауи хореографияның эмоционалды және сезімтал композициялары, сондай-ақ әсерлі, әсем спорттық бал билері ұсынылды.
Концерт бағдарламасын факультет педагогтары А.Н. Тургунбаева, Е.С. Моисеев, А.А. Садықова, А.Ш. Шәмшиев, А.Б. Абакаева, Г.Ю. Саитова дайындады.
Концерттік нөмірлер көрермендерге жақсы көңіл-күй сыйлауға және әлемге хореографиялық өнер мен білімнің маңыздылығын көрсетуге тырысқан студенттердің жетістіктерін тамаша көрсетті. Қарағанды қаласына гастрольдер жыл сайынғы дәстүрге айналғанын және студенттердің алдыңғы өткен қойылымдарын көрермендер жылы қабылдағанын атап өтуге болады.
Ректор Нұрлан Орынбасарұлы Дулатбеков пен проректор Мейіржан Жәкенұлы Сыздықовқа осы жарқын және ұмытылмас концертті өткізуге мүмкіндік берген қонақжайлылығы мен қолдауы үшін ерекше алғыс білдіреміз