17 ақпанда Штутгарт балетінің жетекшісі және Джон Крэнко қорының негізін қалаушы Рид Андерсон хореография академиясына қонаққа келді.
Академия қонағын кәсіптік білім беру мектеп-колледжінің директоры Светлана Көкшинова қарсы алып, оны оқу орнының инфрақұрылымымен, білім беру бағдарламаларымен және жетістіктерімен таныстырды.