Сайт бойынша іздеу
Рим опера театрының шеберлік сыныбы: Джулиано Даниели SMM әдістерімен бөлісті

2024 жылдың 6 желтоқсанында Академияда өнер факультеті студенттерінің Teatro dell’Opera di Roma Giuliano Danieli SMM маманымен ZOOM кездесуі өтті. Осы кездесу аясында Giuliano Teatro dell’Opera di Roma әлеуметтік желілерінің жұмысын ұйымдастыру процесі туралы, атап айтқанда, контент және оның аудиовизуалды стиліне қатысты кім шешім қабылдайтыны туралы, ол контентті қалай жасайды және қандай мақсаттарға жетуге ұмтылады.

Teatro dell'Opera di Roma-әлемдегі ең ірі және әйгілі театрлардың бірі. Өткен бір жылда әлеуметтік медиа мазмұны жазылмандардың рекордтық санын жинауға мүмкіндік берді: шамамен 100 мың.

Осы білім біздің Академияның өнер факультетінің студенттері үшін баға жетпес батыстық тәжірибе бола алады, олар оқуда, мансапта және болашақта жаңа мәдени жобаларды құруда пайдалы болады.