Саитова Гүлнара Юсуповна – профессор, өнертану кандидаты, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі. Оның кәсіби жетістіктері көптеген беделді марапаттармен атап өтілген, соның ішінде «ЖОО-ның үздік оқытушысы – 2020» ұлттық гранты, «ТМД-ның үздік педагогы – 2022» халықаралық марапаты, сондай-ақ «Ерен еңбегі үшін», «Сахавәт», «Меһриван ана» медальдары және «Еңбек Даңқы» төсбелгісі бар.
Гүлнара Юсуповна – 150-ден астам ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектің, соның ішінде монографиялар, оқулықтар, халықаралық басылымдардағы мақалалар мен 7 авторлық патенттің иесі. Ол хореография саласындағы ғылым мен білімді дамытуға зор үлес қосып келеді. Ғылыми зерттеулерінде түркітілдес халықтардың фольклорлық билерін зерделеуге ерекше көңіл бөледі.
Өзбекстан Республикасы Хореография академиясының Құрметті профессоры атағы — хореографиялық өнерді дамытуға қосқан ерен еңбегінің, көпжылдық педагогикалық және ғылыми қызметінің, кәсіби адалдығы мен мемлекетаралық мәдени байланыстарды нығайтуға қосқан үлесінің лайықты бағасы.
Гүлнара Юсуповнаға зор денсаулық, шығармашылық шабыт пен жаңа кәсіби табыстар тілейміз!