2024 жылғы 13 қарашада Хореография академиясының колледжінде «Би ансамблінің әртісі» біліктілігі «Хореография өнері» мамандығының 2 курс студенттеріне арналған «Шығыс биін орындау техникасын меңгеру» пәні бойынша арнайы пәндер оқытушысы Х.М. Махмудова ашық сабақ өткізді. «Ұйғыр биінің Долан стилінің негіздері» тақырыбында өткен сабақ Zoom-да көрсетілді. Осы арқылы А.Селезнев атындағы АХУ жанындағы «Хореография өнері» мамандығы бойынша оқу-әдістемелік бірлестікке жататын басқа колледждер трансляцияға қатысу мүмкіндігіне ие болды.