2025 жылғы 1 сәуір мен 1 мамыр аралығында Қазақ ұлттық хореография академиясының докторанты Алмат Шердарұлы Шамшиев Тбилиси қаласында ғылыми тағылымдамадан өтті. Тағылымдама Шота Руставели атындағы кино және театр университетінің хореография факультетінде жүзеге асты.
💡 Тағылымдама аясында докторант тәжірибелі мамандармен —
сияқты білікті мамандармен тәжірибе алмасып, ғылыми-шығармашылық бағытта бірлесе жұмыс жүргізді.
🎭 Эксперименттік жұмыс аясында қазақ әніне грузин биі, ал грузин музыкасына қазақ қимылдары үйлестіріліп қойылым жасалды. Бұл кроссмәдени жоба — хореографиялық тілдің әмбебаптығын дәлелдейтін ерекше тәжірибе болды.
📚 Сондай-ақ, докторант профессор Хатуна Дамшидзе және басқа да университет ұстаздарының дәрістеріне қатысып, академиялық білім беру жүйесін тереңнен таныды.
👏 Академия атынан Алмат Шердарұлына ғылыми ізденісінде сәттілік тілейміз!