2025 жылғы 27 мамырда Қазақ ұлттық хореография академиясының өнер факультеті мен хореография факультетінің түлектері Түлектер аллеясына ағаш отырғызу бойынша дәстүрлі акция өткізді.
Жоғары оқу орнын бітірген студенттердің ағаш отырғызу дәстүрі көптеген елдерде бар. Осылайша олар өздерінің оқу орнына алған білімдері мен кәсібі үшін алғыс айтады. Академия түлектері осы ежелгі дәстүрді ұстана отырып, жыл сайын оның аумағын көгалдандыруға үлес қосады.
Отырғызылған әрбір көшет – Академия қабырғасында қалдырылған жүрекжарды алғыстың, естеліктің және рухани байланыстың символына айналды.