Сайт бойынша іздеу
Тәуелсіздік күніне арналған концерт

Бүгін, 13 желтоқсанда Қазақ ұлттық хореография академиясында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты концерт өтті.

Мектеп-колледж және хореография факультетінің студенттері жарқын ұлттық нөмірлер мен П.И. Чайковскийдің "Щелкунчик" балетінен үзінділер орындады.

Келе жатқан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз! Еліміздің игілігі үшін бақыт, денсаулық және жаңа жетістіктер тілейміз!