Сайт бойынша іздеу
«ТURAN» ансамблі түркі музыка мәдениетіндегі феномен

Сіздерді Түркі халықтарының музыкалық бренді, Түркі халықтары мәдениетінің амбассадоры – «TURAN» этно-фольклорлық ансамблінің шығармашылығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырамыз.

Конференцияның негізгі жұмыс бағыттары:

  1. «ТURAN» ансамблінің қазақстандық музыкалық өнер мен педагогиканың дамуына қосқан үлесі;
  2. «ТURAN» ансамблі шығармашылығының қазіргі заманғы театр, кино, хореография, ұлттық киім және менеджментпен байланысы;
  3. Жаңа формат: заманауи этно-фольклорлық топтардың ұлттық бірегейлікті тәрбиелеу мен трансформациялаудағы рөлі;
  4. Қазіргі түркі әлемі музыкасының панорамасындағы және мәдениетаралық өзара әрекеттесудегі «Тұран» ансамблінің орны;
  5. Этно-фольклорлық топтар және этникалық музыкалық аспаптардың дамуы.

Конференцияға қатысуға ғалымдар, педагогтар, магистранттар мен докторанттар және студенттер шақырылады.

Астана, 10 сәуір, 2025 жыл Сағат 10.00 (GMT +5)

Хат