Сайт бойынша іздеу
Встреча с Пермским институтом культуры

16 ақпанда хореография академиясының қызметкерлері Пермь мемлекеттік мәдениет институтының (ПМИК) әріптестерімен онлайн кездесу өткізді.

Кездесуге ғылыми жұмыс және стратегиялық даму жөніндегі директор Жанна Толысбаева және халықаралық ынтымақтастық және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Ақмарал Жұмағұл қатысты.ПМИК - тен ғылым және цифрлық трансформация жөніндегі проректор Анастасия Лисенкова, шығармашылық және халықаралық қызмет жөніндегі проректор, халықаралық қызмет жөніндегі басқарманың басшысы Марина Кудашева, хореография кафедрасының меңгерушісі Татьяна Казаринова, қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Игорь Токарев қатысты.

Кездесу барысында екі оқу орнының ынтымақтастық жоспарлары мен перспективалары, сондай-ақ білім алушылардың академиялық ұтқырлық мүмкіндіктері талқыланды.