Қазақ ұлттық хореография академиясының докторанты, Шәмшиев Алмат Шердарұлы қазіргі таңда Грузия мемлекетінің астанасы — Тбилиси қаласында ғылыми тағылымдамадан өтуде. Тағылымдама Шота Руставели атындағы кино және театр мемлекеттік университетінің хореография факультетінде жүзеге асуда.
Аталған тағылымдама аясында докторант «Қазақстандағы ұлттық ерлер биінің қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайлардағы даму тенденциялары» атты ғылыми зерттеу жұмысын жүргізіп жатыр. Тағылымдама барысында екі елдің хореографиялық білім беру жүйелерін салыстыра отырып, академиялық және мәдени байланыстар орнатуда.
Докторанттың шетелдік ғылыми кеңесшісі – өнертану ғылымдарының докторы, театр сыншысы, Шота Руставели атындағы университеттің өнертану, медиа және менеджмент факультетінің доценті Лаша Чхартишвили.
2025 жылғы 16 сәуірде Алмат Шердарұлы аталмыш университеттің 1 курс студенттеріне арнап шеберлік сағатын өткізіп, қазақ биінің ерекшеліктерімен таныстырды. Бұл кездесу студенттер үшін тың тәжірибе ғана емес, мәдениетаралық диалогтың жарқын үлгісі болды.
Академия ұжымы докторанттың ғылыми сапарын жоғары бағалап, халықаралық ынтымақтастықты нығайту жолындағы еңбегіне сәттілік тілейді.