Сайт бойынша іздеу
Қызметкерлердің қатысуымен өрт қауіпсіздігі бойынша жалпы жиналыс өтті

2025 жылғы 29 мамыр күні Қазақ ұлттық хореография академиясында өрт қауіпсіздігі және төтенше жағдайлар кезіндегі әрекеттер бойынша жалпы жиналыс өткізілді. Жиналысқа Академия басшылығы, құрылымдық бөлімше жетекшілері мен қызметкерлері қатысты.

Жиын барысында төмендегі мәселелер қаралды:

  • Академияда өрттің алдын алу мақсатында жүргізіліп жатқан қауіпсіздік шаралары жөніндегі жаңартылған ақпарат ұсынылды;
  • Төтенше жағдай немесе террористік қауіп төнген жағдайда қызметкерлердің іс-қимыл тәртібі түсіндірілді;
  • Ғимараттың эвакуациялық жоспары мен қауіпсіз жерге шығу жолдары таныстырылды;
  • Қызметкерлер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, ұсыныстар мен пікірлер талқыланды.

Жиналыстың негізгі мақсаты – қызметкерлердің өрт қауіпсіздігі бойынша білімін арттыру, жауапкершілігін күшейту және төтенше жағдайларда дұрыс әрі жедел әрекет етуге дайын болуын қамтамасыз ету.