Сайт бойынша іздеу
"ЖОО-ның үздік оқытушысы 2023" конкурсының ЖОО ішіндегі кезеңінің нәтижелері

2023 жылғы 01-10 қараша аралығында Ақпараттық платформада "ЖОО – ның үздік оқытушысы-2023 жыл" байқауының I-туры өткізілді https://universitycontest2023.iac.kz / ҚР ҰӘҚ.

Конкурстық комиссияның шешіміне сәйкес (10.11.2023 ж.хаттама), өнертану кандидаты, профессор Ізім Тойған Оспанқызы "жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағын беру конкурсының I кезеңінің жеңімпазы атанды.

Конкурстың I кезеңі бойынша апелляция беру мерзімі - 2023 жылғы 11-15 қараша аралығында.

Ғылыми кеңестің шешімі бойынша жеңімпаздың конкурстық материалдары "жоғары оқу орнының үздік оқытушысы"атағын беруге арналған конкурстың II республикалық кезеңіне қатысу үшін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігіне жіберіледі.

Құттықтаймыз және сәттілік тілейміз!

Конкурстық комиссияның хаттамасы