Сайт бойынша іздеу
Тренинг «Қақтығыссыз қарым-қатынас – салауатты байланыстардың негізі»

Академияда студенттерге арналған қақтығыссыз қарым-қатынас дағдыларын дамытуға бағытталған тренинг өтті. Зумер ұрпағының ерекшеліктерін ескере отырып, біз интерактивті әдістерді қолдандық. Бұл қатысушыларға қақтығыстардың табиғатын тереңірек түсінуге және оларды болдырмау жолдарын үйренуге көмектесті.

Тренинг барысында қатысушылар: • Фильмге психологиялық талдау жасап, мінез-құлық үлгілерін және олардың қарым-қатынасқа әсерін анықтады. • Ассоциативті ойлауды дамыту үшін бейнелі суреттермен жұмыс істеді. • Эмоционалды интеллекттің өзін және өзгелерді жақсырақ түсінуге қалай көмектесетінін зерттеді. • Ассертивті адамның 10 құқығын білді, соның ішінде «жоқ» деп айту құқығы, өз пікірін ашық білдіру, эмоцияларды көрсету және қателесу құқығы. • Ассертивтілік өзара сыйластыққа, сенімге және ашық қарым-қатынасқа қалай ықпал ететінін талқылады. • Өмірлік жағдайларды талдап, қақтығыстарға деген реакцияларды қарастырып, оларды шешудің ықтимал жолдарын ұсынды. Шынайы өмірден алынған мысалдар қатысушыларға қарым-қатынастың заңдылықтарын түсінуге және қиын жағдайлардан тиімді шығу жолдарын табуға көмектесті.

Осы форматтың арқасында қатысушылар өз қажеттіліктерін білдіру мен өзгелерге құрмет көрсету арасындағы тепе-теңдікті сақтауды үйренді. Қақтығыс сценарийлерін түсіну оларға мұндай жағдайларда сенімді әрі икемді болуға көмектеседі. Тренингтің еркін атмосферасы ашық диалог орнатуға және белсенді қатысуға мүмкіндік берді.