Жасөспірімдердің өз іс-әрекетіне саналы көзқарасын қалыптастыру мақсатында 2024 жылдың ақпан айында 5, 6 және 7 сынып оқушыларымен психологиялық тренинг өткізілді. Тренинг барысында оқушылар өзін тұлға ретінде танытудың конструктивті және деструктивті жолдарымен танысты. Тренингтің практикалық бөлігінде қатысушылар рефлексивті жаттығу орындады.