Қабылдау комиссияларының байланыстары

ҚР МСМ МК «Қазақ ұлттық хореография академиясы» ШЖҚ РМК Ғылыми кеңесі (бұдан әрі – Ғылыми кеңес) алқалық басқару нысандарының бірі болып табылады және Ғылыми кеңес туралы осы ережеде көзделген құзыреттер шегінде шешімдер қабылдау құқығына ие.

Ғылыми кеңестің отырыстарын оның төрағасы/төрағаның орынбасары айына кемінде 1 (бір) рет шақырады. Ерекше жағдайларда Ғылыми кеңестің жоспардан тыс отырыстары өткізілуі мүмкін.

Ғылыми кеңестің құзыреттері

Академияның Ғылыми кеңесінің құзыреттеріне:

  • Академияның білім беру, әлеуметтік-тәрбие, ғылыми-шығармашылық қызметі бойынша мәселелерді қарастыру және шешімдер қабылдау; 
  • тиісті бейіндегі орта кәсіптік білімі немесе әртүрлі деңгейлердің жоғары білімі бар тұлғалардың  оқу мерзімін қысқарту;
  • орта мерзімдік жоспармен бірге Академияның даму стратегиясын қарастыру және талқылау; 
  • Академияның Ғылыми кеңесінің жұмыс жоспарларын бекіту; 
  • оқу процесінің академиялық күнтізбелерін бекіту; 
  • Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, мемлекеттік тапсырыс негізінде білім алатын студенттерді стипендиямен қамтамасыз ету тәртібін бекіту; 
  • Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиясына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы мемлекеттік стипендияларына және басқа да атаулы стипендияларға үміткер студенттер мен магистранттарды талқылау және бекіту; 
  • Академия білім алушыларына ректордың гранттарын беру туралы мәселелерді қарау;
  • Академия ректорының, проректорының, факультет декандарының және құрылымдық бөлімшелер басшыларының Академияның оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми-шығармашылық, халықаралық, тәрбие қызметін жүргізу нысандары мен әдістері туралы жыл сайынғы есептерін тыңдау;
  • Академияның ішкі нормативтік актілерін келісу және/немесе бекіту жолымен Академияның білім беру қызметін ұйымдастырудың негізгі мәселелерін нормативтік реттеу, оның ішінде білім алушылардың үлгерімін ағымдық және аралық бақылау мен қорытынды аттестаттау тәртібін, білім алушыларды ауыстыру, оқудан шығару және қайта қабылдау тәртібі мен негіздемелерін, Академия және Академияның білім алушылары арасындағы қатынастардың туындауын, тоқтата тұру және тоқтатуды рәсімдеу тәртібін бекіту;
  • профессор-оқытушылар құрамының жылдық оқу жүктемесін алдын ала мақұлдау;
  • ғылыми атақтарды, құрметті атақтарды беру үшін Академия кандидатураларын қарастыру және ұсыну; 
  • Академия қызметкерлерін немесе шығармашылық ұжымдарды мемлекеттік, үкіметтік наградалар мен құрметті атақтарға ұсыну және қарастыру;
  • мәдениет пен өнер саласындағы техникалық және кәсіптік білімнің, жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің жаңа білім беру бағдарламаларын ашуға бастамашылық ету, оқу мерзімдері мен формаларын айқындау;
  • диссертациялық зерттеулер бойынша магистранттар мен докторанттардың тақырыптарын және ғылыми жетекшілері-консультанттарын бекіту;
  • білім беру бағдарламалары бойынша жұмыс оқу жоспарларын, Қазақстан Республикасының заңнамасына, сондай-ақ Академияның ішкі құжаттарына сәйкес оларға енгізілетін өзгерістерді талқылау және бекіту;
  • оқулықтарды, оқу құралдары мен оқу-әдістемелік әзірлемелерді қарастыру және басып шығаруға шешім қабылдау; 
  • Ғылыми кеңес белгілеген тәртіппен Академияның факультеттері, кафедралары және басқа да құрылымдық бөлімшелері басшыларының есептерін тыңдау арқылы Ғылыми кеңес шешімдерінің орындалуын бақылау;
  • білім алушылар практикаларының (ғылыми тағылымдамаларының)  барлық түрлері бойынша қорытынды шығару және оларды жақсарту бойынша ұсынымдар қабылдау жатады.

Ғылыми кеңестің төрағасы – Нусипжанова Бибигуль Нургалиевна, ректор

Ғылыми хатшы – заң ғылымдарының кандидаты, доцент, – Кожантаева Жаухар Кенесбаевна

ҒЫЛЫМИ АТАҚҚА ҮМІТКЕРЛЕРДІҢ ҚҰЖАТТАРЫ

Яндекс.Метрика