Классикалық және ұлттық хореография: Тарих — дәстүр — жаңашылдық
Ғылым аптасын өткізу аясында 2018 жылғы 10 сәуірде Қазақ ұлттық хореография академиясында «Классикалық және ұлттық хореография: «Тарих — дәстүр — жаңашылдық» тақырыбына секциялық отырыс өтті.
Секциялық отырыстың жұмысына хореография факультетінің студенттері мен магистранттары және оқытушы-профессорлық құрамы қатысты. Отырыс жұмыс атмосферасында өтті, хореография өнерінің тарихынан бастап осы саладағы жаңа әдістемелер мен бағыттарға дейін әртүрлі мазмұндағы тақырыптарға 19 баяндама ұсынылды.
Ғылыми жұмыс жастарды ғылыми-зерттеу үрдісіне тарту, зерттеу құзыреттерін дамыту және болашақ кәсіптік қызмет үрдісінде білімді шығармашылық пайдалануға ұмтылу мақсатында өткізіледі.
Отырыс қорытындысы бойынша жинақ басып шығару жоспарланады.