Қабылдау комиссияларының байланыстары

Академияның басым бағыттарының бірі ғылыми-зерттеу жұмысы болып табылады.
Ғылыми қызмет профессор-оқытушылар құрамының, магистранттар мен студенттердің ғылыми белсенділігінің өсуін, ғылымның біліммен және өнермен өзара байланысын күшейтуді, ғылымның кадрлық әлеуетін дамытуды, академияның халықаралық ғылыми қоғамдастыққа кірігуін қамтамасыз етуден тұратын академияның миссиясына негізделген. Ғылыми-зерттеу жұмысының бағыттарын таңдаудағы саясат:
– хореографиялық өнер саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулерді орындау арқылы ғылыми жұмыстың тиімділігін арттыру;
– оқу және ғылыми үдерістердің бірлігін нығайту, профессор-оқытушылар құрамының ғылыми зерттеулерге белсенді қатысуы және білім алушыларды ғылыми-зерттеу қызметіне кеңінен тарту;
-оқу процесінде ғылыми қызмет нәтижелерін белсенді пайдалану негізінде профессорлық – оқытушылық құрамының кәсіби деңгейін тұрақты арттыру;
– халықаралық ғылыми ынтымақтастықты және халықаралық ғылыми ұйымдарға, қорларға, бағдарламалар мен жобаларға қатысуды кеңейту;
– жоғары оқу орнынан кейінгі дайындық процесін жетілдіру.

Ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттары балетмейстерлік өнерді, хореография педагогикасын, концертмейстерлік шеберлік пен музыкалық теорияны, арт-менеджментті және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдарды дамытудың басым бағыттары мен проблематикасына сәйкес келеді.
Ғылыми қызмет туралы ереже

Ғылыми қызмет туралы ереже
ҚР БҒМ БҒСБК (жылдар бойынша)
ПОҚ авторлық куәлігі
СКОПУС (жылдар бойынша)
РИНЦ (жылдар бойынша)

Яндекс.Метрика