Қосымша білім беру және біліктілікті арттыру секторы (сектор) Академия базасында қосымша білім беру институтын дамыту және ілгерілету, сондай-ақ оның қызметкерлерінің өзін-өзі дамыту және кәсіби жетілдіру үшін жағдай жасау мақсатында құрылған.
Сектордың негізгі міндеттері:
- Академия базасында тыңдаушылардың әртүрлі санаттарына топтық және жеке форматта қосымша білім беру бағдарламаларын тиімді іске асыру;
- бөгде тыңдаушылардың кәсіби даярлығы мен біліктілігін арттыру мүмкіндігін беру;
- Академия қызметкерлеріне олардың жаңа білім алуы үшін қажетті жағдайлар жасау не бұрын алған кәсіби білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын жетілдіру.
Сектордың басшысы – Жусупбекова Диана Сериковна.
Instagram: @balletacademy_programs
Телефон: +7 (7172) 798 587, 798 582
e–mail: Zhusupbekova_D@balletacademy.kz
Академия келесі қосымша ақылы білім беру бағдарламаларын ұсынады:
– балаларға арналған хореография бойынша топтық сабақтар (6-8 жас, 9-13 жас топтары)
– ересектерге арналған Вody ballet
– 1-3 сынып оқушыларына арналған «ұзартылған күн тобы»
– жеке музыка сабақтары (6-14 жастағы балаларға арналған фортепиано)
– Академия оқушыларына арналған математика, ағылшын, қазақ тілдерінен топтық сабақтар
– жүзу, каратэ (жазғы кезең)
– сырттан келетін тыңдаушылардың біліктілігін арттыру бағдарламалары
– ересектерге арналған йога
Академия біліктілікті арттыру курстарын келесі бағыттар бойынша ұсынады:
– классикалық би
– спорттық бал биі
– қазақ биі
– Шығыс халықтарының билері
– хореографиялық пәндерді оқыту және би қою
– концертмейстерлік шеберлік
Өткізу уақыты: каникул уақытында / педагогтармен келісім бойынша
Көлемі: 36/72 академиялық сағат
1 тыңдаушыға арналған біліктілікті арттыру курстарының құны
Қызметтердің көлемі | Жеке | Топ (5 адамнан бастап) | Көшпелі (15 адамнан бастап) |
36 академ.сағат (теңге) | 40 000 | 30 000 | – |
72 академ.сағат (теңге) | 80 000 | 50 000 | 30 000 |
Сырттан келетін тыңдаушылардың біліктілігін арттыру жөніндегі барлық бағдарламалар қазіргі уақытта қосымша білім беру саласындағы ағымдағы заңнаманың талаптарына сәйкес өзектендіру процесінен өтуде.