Қабылдау комиссияларының байланыстары

Студенттер мен магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстары (СҒЗЖ, МҒЗЖ).

Студенттер мен магистранттардың ғылыми-зерттеу қызметі әртүрлі қызмет нысандарында (Science café іс-шаралары, ғылыми зерттеулер практикумы, дебаттар, шақырылған спикерлердің коучингтері, кинокөрсетілімдер және т.б.), оның ішінде студенттік ғылыми қоғамда (СҒҚ), сондай-ақ ғылыми-зерттеу жұмысында және конференциялар жұмысында іске асырылады.
Академия студенттері мен магистранттары әртүрлі халықаралық және республикалық деңгейдегі конкурстарға, сонлай-ақ студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының (СҒЗЖ) байқауына белсенді түрде қатысады. Мәселен:
– ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры, ҚР Конституциялық Кеңесі, БҒМ өткізетін конкурстар;
– арт-менеджмент саласында мамандарды дайындау бағыты бойынша халықаралық студенттік байқау;
– ғылыми-практикалық конференциялар;
– студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының жыл сайынғы республикалық байқауы.

Студенттік ғылыми қоғам (бұдан әрі – СҒҚ) Қазақ ұлттық хореография академиясы студенттерінің, магистранттарының және жас педагогтарының ғылыми бірлестігі болып табылады.

СҒҚ қызметінің негізгі мақсаты студент жастардың шығармашылық қабілеттерін ашу және тәрбиелеу, осы негізде академияның зияткерлік әлеуетін сақтау және толықтыру үшін жағдай жасау болып табылады.

СҒҚ өз қызметін өзін-өзі басқару, ашық түрде жүргізу, өзара құрмет көрсету және студенттердің ғылыми қарым-қатынас мәдениеті қағидаттарында жүзеге асырады.

СҒҚ Ережесі
2021 СҒҚ жоспары
СҒЖ Ұсынымдары

Яндекс.Метрика