2023-2024 ОҚУ ЖЫЛЫНА ҚАБЫЛДАУ
Құжаттарды қабылдау 2023 жылғы 25 маусым мен 20 шілде аралығында.
Хореография академиясының 5 сыныбына оқуға түсетін балалар алдымен алдын ала қараудан өтеді. Алдын ала қараудан өткен балалар Хореография академиясына түсу емтихандарына жіберіледі.
Алдын ала қарау келесі мекен-жай бойынша өтеді: Ұлы дала д.9, Балет корпусы, Ботаникалық бақтан кіреберіс. Алдын ала қарауды брондау үшін телефон: 8 (7172) 79-85-89, 79-85-54, 79-85-42.
5-сыныпқа оқуға түсетін және ҚР басқа облыстарында, қалаларында тұратын балалар үшін алдын-ала қарау фото бойынша іріктеу түрінде жүзеге асырылады – фото бойынша қарау шарттарына сәйкес фотосуреттерді жіберу (басқа қалаларда, өңірлерде тұратындар үшін).
Фотосуреттерді қарау шарттарын сілтемені басу арқылы білуге болады: https://balletacademy.edu.kz/fotoprosmotr-5/.
Қабылдау емтихандары 4-турда өтеді:
1-тур: баланың табиғи және физикалық деректерін бағалау;
2-тур: медициналық комиссия;
3-тур (шығармашылық): 2-минуттан аспайтын биді орындау;
4-тур: оқыту тілі бойынша емтихан (диктант).
Қабылдау комиссиясына тапсырылатын құжаттар (5 сынып):
- ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірі) көрсетілген (қоса берілген) үміткердің туу туралы куәлігінің көшірмесі;
- педиатр, лор, невропатолог, окулист, ортопедтен медициналық тексеруден өткен денсаулық паспортының түпнұсқасы немесе емхананың бас дәрігері куәландырған көшірмесі рұқсат етіледі;
- психдиспансерден анықтама (egov.kz сайтынан жүктеп алыңыз);
- Баланың ЭКГ нәтижесі (кардиологтың қорытындысы);
- 3х4 көлеміндегі фотосурет (4 дана).
02150700 «ХОРЕОГРАФИЯ ӨНЕРІ» МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША 4S02150702 «БИ АНСАМБЛІНІҢ ӘРТІСІ» БІЛІКТІЛІГІ БОЙЫНША ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН АҚПАРАТ /9 СЫНЫПТАН КЕЙІН/
Қабылдау емтихандары 4-турда өтеді:
1-тур: классикалық би экзерсисі;
2-тур: медициналық комиссия;
3-тур (шығармашылық): 3-минуттан аспайтын биді орындау;
4-тур: оқыту тілі бойынша емтихан (тестілеу).
Қабылдау комиссиясына тапсырылатын құжаттар (9 сыныптан кейін, 1 курсқа түсу үшін):
- ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірі) көрсетілген (қоса берілген) үміткердің туу туралы куәлігінің көшірмесі;
- негізгі орта білім туралы куәлік және мамандандырылған оқу орнын (хореографиялық училищелер, ұлттық академиялар, сертификатталған хореографиялық мектептер) бітіргені туралы куәлік – түпнұсқа;
- денсаулық паспорты (№ 026-у нысан) – түпнұсқа;
- мектептен медициналық карта (063 нысан – егу картасы) – түпнұсқа;
- педиатр, лор, невропатолог, окулист, ортопедтен медициналық тексеруден өткен 075-у нысанындағы медициналық анықтама флюорографиялық суретпен бірге (15 жасқа толғандар үшін);
- психдиспансерден анықтама (egov.kz сайтынан жүктеп алыңыз);
- ЭКГ нәтижесі (кардиологтың қорытындысы);
- 3х4 көлеміндегі фотосурет (4 дана).
Емтихан нәтижелері
5 сынып бойынша 1 турдың нәтижелері 21.07.22
5 сынып бойынша 2 турдан өткендер тізімі 22.07.22
5 сынып бойынша апелляция нәтижелері (22.07.2022)
Би ансамблінің әртісі біліктілігі бойынша 1 турдың нәтижелері
5 сынып бойынша 3 турдың нәтижелері 23.07.22
Би ансамблінің әртісі біліктілігі бойынша 1 турдың апелляция нәтижелері
Би ансамблі әртісі біліктілігі бойынша 2 турдың нәтижелері 23.07.22
Би ансамблінің әртісі біліктілігі бойынша 3 турдың нәтижелері
5 сынып бойынша 4 турдың нәтижелері 25.07.22
Би ансамблінің әртісі біліктілігі бойынша 3 турдың апелляция нәтижелері
Би ансамблінің әртісі біліктілігі бойынша 4 турдың нәтижелері