Қабылдау комиссияларының байланыстары

Хореография академиясы өнер саласындағы мамандандырылған  мектебіне (1-4 сыныптарға) оқуға түсетін балалар алдымен алдын ала іріктеуден өтеді, онда арнайы пәндердің жетекші оқытушылары баланың табиғи кәсіби деректері, физикалық деректері деңгейін бағалайды, оның оқу келешегі мен дамуы бойынша ұсынымдар береді.  

1-3 сыныптарға Астана қаласында тұратын балалар қабылданады. 

4-сыныпқа Қазақстанның барлық өңірлерінен балалар қабылданады.

Алдын ала іріктеу келесі форматтарда өтеді:

  • Хореография Академиясында балалардың табиғи кәсіби (функционалдық) деректерін визуалды көру және тексеру. Академияда іріктеу аптасына екі рет кестеге сәйкес алдын ала жазылу бойынша 1-4 сыныптарға түсетін және Астана қаласында тұратын балалар үшін жүргізіледі.
  • Қазақстан Республикасының өңірлерінде көшпелі комиссияның (балалардың табиғи кәсіби (функционалдық) деректерін (3-сынып оқушылары үшін) визуалды көруі және тексеруі.

Алдын ала іріктеуден өткен талапкерлер Астанада өтетін қабылдау емтихандарына қатысуға жіберіледі. Академияға білім алушыларды қабылдау табиғи деректері, дене бітімі бар тұлғаларды анықтау мақсатында конкурстық негізде жүргізіледі. Оқуға түсетін балалар алдын ала іріктеуден тек бір рет өтеді, балаларға іріктеуден қайта өтуге рұқсат етілмейді.

Алдын ала іріктеуге 6-10 жастағы балалар қатысады (ағымдағы күнтізбелік жылы алты жасқа толатын балалар, сондай-ақ 10 жастан аспаған балалар). Алдын ала іріктеу ақпаннан маусымның ортасына дейін өткізіледі.

Алдын ала іріктеу комиссиясының құрамы баланың табиғи кәсіби деректер деңгейін, морфофункционалдық ерекшеліктерін бағалайтын және оқу келешегі бойынша ұсынымдар беретін хореография пәндер оқытушыларынан тұрады.

Комиссия табиғи деректер мен кәсіби қабілеттерді келесі критерийлер бойынша анықтайды және бағалайды:

  • дене бітімі (жалпы сипаттама);
  • болашақ әртістің сыртқы келбеті және сахналық келбеті (дененің физиологиялық үйлесімділігі, сыртқы келбеті);
  • аяқтың айналымдылығы (сыртқа қарату);
  • көтерілу;
  • қадам;
  • иілгіштік;
  • секіру.

Академияда алдын ала іріктеуге қатысатын балалардың киім формасы: сыртқы киімі ата-аналарының қалауына қарай, қыздар үшін – дене түсті іш киім, ұлдар үшін қара іш киім.  Қыздар шаштарын түйіп қояды.

Оқуға түсетін бала алдын ала іріктеуден өткенде келесі позициялар бойынша бағаланады:

№1 позиция. Жалпы көрініс
– хореографқа қарап, денені бос ұстаған жағдайда түрегеліп тұру;
– аяқтың арасын 1-2 см алшақ ұстап, бір-біріне паралель қою;
– қолды дене бойымен соза бос ұстау.

Позиция №2. Жалпы көрініс
– хореографқа арқасымен, денені бос ұстаған жағдайда түрегеліп тұру;
– аяқтың арасын 1-2 см алшақ ұстап, бір-біріне паралель қою;
– қолды дене бойымен соза бос ұстау.

№3 позиция. Бүктелу
– хореографқа қырынан түрегеліп тұру;
– аяқты тізеден барынша созып;
– денесін барынша алға бүктей аяқты бүкіл денесімен қысу.

№4 позиция. Бүктелу
– еденде хореографқа қырынан қарап отыру;
– аяқты тізеден созып, еденге жабыстыра ұстау;
– аяқ табандарын алға созу;
– бүкіл денесімен аяққа жабыса алға созыла бүктелу.

№5 позиция. Табан
– еденде хореографқа қырынан қарап отыру;
– аяқты тізеден қатты созу (өкше еденге тимеуі қажет);
– табанды алға созу (аяқ саусақтарын еденге тигізуге тырысу).

№6 позиция. Табан
– хореографқа қарап түрегеліп тұру;
– тірек аяқтың басы айналымды қалыпта сыртқа қарайды, екінші аяқты ұшымен жанына созу (табанды барынша созу);
– екі аяқтың тізесін барынша созу;
– бір қолымен тіректен ұстап тұруға болады (орындық, үстел және т.б.).

№7 позиция. «Бақа»
– хореографқа қырынан қарап жату; • етпетімен жатып, аяқты тура бұрышпен бүгу (90 градус);
– созылған табан саусақтары бірге қосылған;
– бөксені, тізе мен табанды қырымен барынша еденге тигізу.

№8 позиция. «Бақа» (жоғары)
– хореографқа қырынан қарап жату;
– шалқасынан жатып, аяқты тура бұрышпен бүгу (90 градус);
– қолды ашып екі жаққа созу;
– созылған аяқ саусақтары бірге қосылған;
– тізе мен арқаны (белді) барынша еденге тигізу.

№9 позиция. «Бақа» (орта)
– хореографқа қырынан қарап жату;
– шалқасынан жатып, аяқты 45 градус бұрышпен бүгу (ромб);
– қолды ашып екі жаққа созу;
– созылған табан саусақтары бірге қосылған;
– тізе мен арқаны (белді) барынша еденге тигізу.

№10 позиция. «Бақа» (төменгі)
– хореографқа қырынан қарап жату;
– шалқасынан жатып, аяқты жайлап бүгу (созылған ромб);
– қолды ашып екі жаққа созу;
– созылған табан саусақтары бірге қосылған;
– тізе мен арқаны (белді) барынша еденге тигізу.

№11 позиция. Аяқтың айналымдылығы (сыртқа қарату)
– хореографқа қырынан тұру;
– өкшені еденнен көтермей, барынша отыру;
– тізе екі жаққа, барынша сыртқа қаратылған;
– денені тік ұстау;
– тіректен ұстап тұруға болады (орындық, үстел, балет станогы және т.б.).

№12 позиция. Аяқтың айналымдылығы (сыртқа қарату)
– шалқасынан хореографқа қырынан жату;
– арқа (бел) еденге барынша тигізілген;
– тізеден созылған аяқтар сыртқа қаратылған;
– аяқ табандары қысқартылған және екі жаққа бұрылған, барынша сыртқа қаратылған;
– аяқтың өкшелері бір-біріне тигізілген.

№13 позиция. « Көпір»
– хореографқа қырынан тұру;
– қолды еденге қойып, артқа бүгілу;
– арқаның (белдің) иілгіштігін көрсетіп, аяқ пен қолды барынша жақындату.

№14 позиция. Қадам
– хореографқа қарап түрегеліп тұру;
– тірек аяқтың басы айналымды қалыпта сыртқа қарайды, екінші аяқты ассистенттің көмегімен барынша жоғары, айналымды қалыпта (сыртқа қаратып) созу (табанды барынша созу);
– екі аяқтың тізесін барынша созу;
– денені қисайтпай тік ұстау;
– бір қолымен тіректен ұстап тұруға болады (орындық, үстел және т.б.).

№15 позиция. Бойлық шпагат
– хореографқа қырымен орналасу;
– сол немесе оң аяқпен шпагатқа отыру.

№16 позиция. Көлденең шпагат
– хореографқа қырымен орналасу.

Алдын ала іріктеуден және қабылдау емтихандарына жолдама алғаннан кейін,  ата-аналар (заңды өкілдер) Хореография академиясында емтиханға жіберу туралы өтініш жазады және қабылдау комиссиясына құжаттарды ағымдағы жылдың маусым айында тапсырады.

Яндекс.Метрика