Академияда хореографиялық білім берудің келесі деңгейі – техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ), ол 2018 жылғы 31 қазандағы «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» № 604 бұйрығына сәйкес негізгі орта білім беруді қоса жүзеге асырады. Бірінші саты – классикалық биді оқытудың төменгі және ортаңғы деңгейлері, екінші саты – курстардың білім алушылары жоғарғы деңгейдің бағдарламасын игеріп, кәсіби театрларда, халық би ансамбльдерінде және басқа да шығармашылық ұжымдарда жұмысқа өздерін дайындау үшін виртуозды би техникасын, мәнерлілікті, музыкалылықты, әртістік шеберлілікті меңгереді.
Техникалық және кәсіптік білім беру келесі мамандықтар бойынша оқытуды жүзеге асырады:
- 02150700 Хореография өнері 4S02150701-Балет әртісі біліктілігі (оқу мерзімі 7 жыл 10 ай, 5 класс-2(3) курс);
- 02150700 Хореография өнері 4S02150702-Би ансамблінің әртісі біліктілігі (оқу мерзімі 2 жыл 10 ай, 1-3 курс).