Қабылдау комиссияларының байланыстары

Миссия
Біздің миссиямыз: хореография және мәдениет саласындағы білім беру процесін әлемдік стандарттар деңгейінде іске асырамыз және түлектерді тез өзгеретін әлемде өзін-өзі табысты іске асыру дағдыларымен қамтамасыз етеміз.

Бағдар
Қазақ ұлттық хореография академиясы – Қазақстанның хореографиялық өнерінің мұрасын, жақын және алыс шет елдердің өнері мен мәдениетінің шығармашылық сан алуандығын біріктіретін халықаралық ғылыми-шығармашылық білім беру хабы.

Құндылықтар
Адалдық және ашықтық. Біз адалдық пен ашықтықты барлық жағынан қолдаймыз. Академиялық ортадағы адалдықты қолдаймыз. Заманауи білім мен іскерліктерді толық игеруді қолдаймыз.
Құрмет және қолдау. Біз әрбір адамның қадір-қасиетіне, пікіріне, пайымына, дүниетанымына құрмет көрсетеміз. Жақсы серіктестік пен өзара көмекті дамытуды қолдаймыз.
Жауапкершілік. Біздің ортақ игілігіміз әрқайсымыздың экологиялық мәдениетіне байланысты екендігін түсінеміз.
Жетілдіру. Біз қол жеткен жетістіктерімізбен тоқтап қалмаймыз. Өзіміздің дамып тереңдей түсумізді басқарамыз, жанымыздағы адамдарды өзін-өзі жетілдіруге ынталандырамыз және әрқайсысының жетістіктеріне шын жүректен қуанамыз.
Командалық рух. Сахнада жеке өнер көрсетіп, командада жұмыс істейміз. Бәріміз бірлесіп Қазақ ұлттық хореография академиясының және мемлекетіміздің табысты болуын қамтамасыз ете аламыз.

Яндекс.Метрика