Қабылдау комиссияларының байланыстары

Жеке тұлғаны дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау, сонымен қатар Қазақ ұлттық хореография академиясында тәрбиеленушілердің шығармашылық және әлеуметтік әлеуетін іске асыру мақсатында Арт-терапия кабинеті жұмыс істейді.

Арт-терапия бертінде ғана шыққан, алайда жоғары тиімділігінің арқасында арт-терапия әдістері практикалық психологияда белсенді түрде қолданылады.

Арт-терапияның мақсаты өзін-өзі тану және өзін көрсете білу процесінде жеке тұлғаның психологиялық күйінің үйлесімділігі.   

Арт-терапия кабинетінің міндеттері:       

  • Өзін-өзі тану және өзін іс жүзінде көрсету кезінде психологиялық көмек көрсету.
  • Жылы шырайлы және қорғалу атмосферасын құру.
  • Үрей, қорқыныш, агрессияның алдын алу және түзету. Академия тәрбиеленушілерінің психикалық денсаулығын сақтау.
  • Отбасынан тыс, ата-аналарынан алыста тұратын жағдайларда балалардың бейімделу мүмкіндіктерін арттыру.
  • Топта тұлғалық қарым-қатынасты жолға қою.
  • Өзін-өзі адекватты бағалауды қалыптастыру.
  • Академия тәрбиеленушілерінің шығармашылық және әлеуметтік әлеуетін ашу.

Арт-терапия психоэмоциялық алаңдаушылықты жоюдағы ең тиімді әдіс.  Адам шығармашылықта өзінің эмоциясын, сезімін, қорқынышын, күдіктері мен қақтығыстарын көрсете алады; бұл түйсіксіз деңгейде болады.

Арт-терапия психологиялық проблемаларды шешуге бағытталған және оның мақсаты адамды суретші етіп шығару емес.  

Арт-терапия сабақтары барысында тәрбиеленушілердің шығармашылық белсенділігі артады, психоэмоциялық шиеленіс төмендейді.

Қазақ ұлттық хореография академиясының Арт-терапия кабинетінің бірнеше функционалдық салалары бар.

  • Изотерапия саласы бейнелеу өнері, пластилинмен жұмыс жасау, әдеби шығармашылық арқылы өзін өзі көрсетуге арналған.
  • Құм терапиясының бұрышы. Өзін-өзі көрсету және даму процесі құммен жұмыс жасау арқылы жүзеге асады.
  • Релаксация және тынығу бұрышы. Бұл бұрыш музыкалық терапия, тыныс алу жаттығулары, медитация арқылы шиеленіс пен шаршағанды басуға арналған. Бұл аумақ, сондай-ақ ертегі терапиясын, қуыршақ терапиясын өткізу үшін пайдаланылады.  
  • Психолог Академия тәрбиеленушілерімен жеке консультациялар мен әңгіме жүргізетін бұрыш.

Арт-терапия кабинетінде Академия тәрбиеленушілері психологтың көмегімен шығармашылық әлеміне енеді, өзінің ішкі әлемін түсінуге және көрсете білуге үйренеді. 

Осындай изотерапия, ертегі терапиясы, сонымен қатар ойын, құм, музыкалық терапия сияқты арт-терапиялық техникаларды пайдалану Академия тәрбиеленушілерінің эмоциялық күйіне жақсы әсер етеді.

Арт-кабинеттегі сабақтарды психолог кестеге сәйкес жүргізеді.

Яндекс.Метрика