Қабылдау комиссияларының байланыстары

Балалар арасындағы буллингті алдын алу бойынша семинар

2024 жылдың 9 және 12 қаңтарында Қазақ ұлттық хореография академиясында «Балалар арасындағы буллингті алдын алу» тақырыбында семинар өтті. Семинарға 5-9 сыныптардың жетекшілері мен интернат тәрбиешілері қатысты. Аталған іс-шараны тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімің педагог-психологы өткізді.
Педагогтар оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 506 бұйрығымен бекітілген «Баланы жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы қағидаларымен» таныстырылды.
Семинар барысында буллинг пен конфликт арасындағы айырмашылықтар нақты анықталды. Ұстаздар балалар арасындағы буллингтің алдын алу бойынша жұмыс бағыттарымен таныстырылды.

Яндекс.Метрика