Қабылдау комиссияларының байланыстары

Алдын ала іріктеу жарияланады

Қазақ ұлттық хореография академиясына 1-5 сыныптарға түсетін балаларға (6 жастан 11 жасқа дейін)  алдын ала іріктеу жарияланады.
1-3 сыныптарға қабылдау тек Астана қаласында тұратын балалар үшін жүргізіледі.
4-5 сыныптарға қабылдау Қазақстанның барлық өңірлерінен келген балалар үшін жүргізіледі.

Астана қаласында тұратын балаларға алдын ала іріктеу 2024 жылғы 1 ақпаннан 15 маусымға дейін жүргізіледі. Алдын ала іріктеу келесі мекен-жай бойынша өтеді: Ұлы дала даңғылы 43/1, Балет ғимараты, Ботаникалық бақтан кіреберіс. Алдын ала іріктеуге келесі телефондар арқылы жазылуға болады (2024 жылдың 1 ақпанынан бастап): 8 (7172) 79-85-89, 79-85-54, 79-85-84, 79-85-42, +700 508 51 00 (WhatsApp).

ҚР облыстары бойынша балаларды іріктеу 2024 жылғы 12 ақпаннан 25 сәуірге дейін өткізіледі.
     ҚР облыс орталықтарында іріктеу өткізілетін күні, уақыты және орны Академияның әлеуметтік желілерінде қосымша хабарланатын болады. Хабарландыруларды қадағалап отырыңыздар!
Алдын ала іріктеуден өткен балалар 2024 жылғы маусым-шілде айларында Қазақ ұлттық хореография академиясына (Астана қ.) қабылдау емтихандарына шақырылады. 
Анықтама телефоны: 8 (7172) 79-85-42, +77005085100 (WhatsApp).

Яндекс.Метрика