Жаңа оқу жылында оқу форматын түсіндіру бойынша сall-орталық номерлері: +7 (7172) 798-589 (КББ мектеп-колледжі), +7 (7172) 790-844 (ЖОО)
Виртуалды қабылдау: support@balletacademy.kz

Концертмейстерлік шеберлік және фортепиано бөлімінде сүйемелдеу өнері саласында теориялық және практикалық дағдыларды игерген білікті концертмейстерлер жұмыс істейді. Концертмейстерлік қызметтің ерекшелігі әртүрлі кәсіби орындаушылық дағдыларын қоса атқару болып табылады. Хореографиялық сыныпта жұмыс істейтін концертмейстердің кәсіптік дағдылармен қатар хореографиядағы орындаушылық шеберліктің өзіндік ерекшеліктерін білуі, балет сыныбында сүйемелдей білуі, сондай-ақ жаттығуларда сүймелдей отырып, көптеген репертуарды меңгеруі, балет өнерінің терминологиясын (негізінен, француз тілінде) білуі қажет. 

Концертмейстерлік шеберлік және фортепиано бөлімінің педагогикалық құрамында педагогикалық жұмыс өтілі үлкен, халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары бар: Устимирова А.Б., Джубатчанова С.Б., Бикенова А.С., Бданова А.С., Ахметжанов Е.Т., Нурпеисова А.Е., Нурпеисова Н.Г., Жакупова А.М.; лауреаттар – Тулегенова З.Э., Ибрагимов С.Г., Назарова З.Қ., Аушан А.Қ., Архаров Қ.Қ.

Бөлімнің көптеген концертмейстерлерінде магистр академиялық дәрежесі бар: Алшинбаева У.С., Аминова Г.Б., Абылханова Ж.М., Есиркепова Ш.Т., Жакупова А.М., Мамынова А.М., Мамынова Р.М., Мулдагалиева Д.Ж., Тулегенова З.Э., Нурпеисова А.Е. – аспирант.

Яндекс.Метрика