Қабылдау комиссияларының байланыстары

Кәсіптік білім берудің мектеп-колледжі (бұдан әрі – КБ мектеп-колледжі) балет өнері бағытында мемлекеттік және орыс тілдерінде білім беру қызметін жүзеге асырады және кәсіби балет әртістерін дайындауды ерте жастан бастаумен айналысады. ҚР МСМ МК «Қазақ ұлттық хореография академиясы» ШЖҚ РМК құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Штат 9 қызметкерлерден (басшы, оқу ісі жөніндегі меңгеруші, 4 жетекші маман, 2 маман (әдіскер), маман) және мұғалім/оқытушы/концертмейстерлерден тұрады.

КБ мектеп-колледжі келесі бағыттар бойынша білім беру қызметін жүзеге асырады (2022 жылдың 31 қаңтарындағы KZ95LAA00032247 лицензия):

  • бастауыш білім (1-4 сыныптар);
  • «Хореография өнері» мамандығы «Балет әртісі» және «Би ансамблінің әртісі» біліктіліктері бойынша техникалық және кәсіптік білім беру.

2022 жылдың 3 тамызында бекітілген ҚР МКМ МК «Қазақ ұлттық хореография академиясы» ШЖҚ РМК құрылымына байланысты КББ мектеп-колледжі құрамы:

  • жалпы білім беру пәндері бойынша пәндік-циклдық комиссия – меңгерушісі – Кәрім Ә.Т.;
  • арнайы пәндер бойынша пәндік-циклдық комиссия – меңгерушісі – Сайфуллина Г.Н.;
  • концертмейстерлік шеберлік және фортепиано бөлімі – жетекші маман – Нурпеисова Н.Г.

Кәсіптік білім берудің мектеп-колледжінің басшысы Кокшинова Светлана Юрьевна, ҚР еңбек сіңірген қайраткері.
Телефон: 8 /7172/ 798 594
e-mail: Info@balletacademy.kz

Яндекс.Метрика