Қабылдау комиссияларының байланыстары

1-4 сыныптарға оқуға түсетін балаларды алдын ала қарау 2023 жылдың 22 ақпанында басталады. Әлеуметтік желілердегі хабарландыруларды қадағалап отыру қажет.

inst-logo
FB-logo

22 ақпанда басталатын фото бойынша қарау түріндегі алдын-ала қараудан өту керек. Егер бала фото бойынша алдын-ала қараудан өтсе, ол жаз айларында өткізілетін қабылдау емтихандарына жіберіледі. Барлық түсу емтихандарын сәтті тапсырып, ең жоғары балл жинаған бала ҚР МСМ «Қазақ ұлттық хореография академиясы» ШЖҚ РМК кәсіптік білім беру мектеп-колледжіне қабылданады.

5-сыныпқа түсу үшін құжаттарды қабылдау 20 маусымнан 20 шілде аралығында жүргізіледі.

– Оқуға түсушінің ата-анасының (заңды өкілдерінің) оқуға қабылдау туралы өтініші;
– ЖСН көрсетілген (қоса берілген) туу туралы куәліктің көшірмесі;
– Денсаулық паспорты (№026-у нысаны) – түпнұсқа;
– Медициналық карта (063 нысаны – егу картасы) – түпнұсқа;
– 3х4 көлеміндегі фотосурет (4 дана);
– Отбасы құрамы туралы анықтама;
– Ата-анасының жұмыс орнынан анықтама;
– Ата-аналардың жеке куәліктерінің көшірмесі;
– egov.kz. сайтындағы жеке кабинеттен тіркелу туралы мекенжай деректері.

Сіз «Хореография өнері» мамандығы «Би ансамблінің әртісі» біліктілігіне түсе аласыз, оқу мерзімі 2 жыл 10 ай. Конкурстық іріктеу арқылы негізгі орта білім алған (9-сынып) және мамандандырылған оқу орындарын (хореографиялық училищелер, ұлттық академиялар, сертификатталған хореографиялық мектептер) бітірген тұлғалар қабылданады.

Фото үшін киім үлгісі:
– қыздар барынша ашық және иығында бауы бар, жабысып тұратын белдемшесіз купальник киеді, колготки және шұлық кимейді, шаштарын түйіп қояды;
– ұлдар іш киіммен түседі, майка, шұлық кимейді.
Хатта баланың тегін, атын, әкесінің атын, жасын, бойы мен салмағын, жалпы білім беретін мектептегі сыныбы, оқу тілі, тұратын қала мен байланыс телефонын көрсету қажет.

Алдын-ала қарауда (фото бойынша қарау) балалар би орындамайды. Жеке қарау өткізіледі және оқуға түсушінің табиғи деректері мен кәсіптік қасиеттері бағаланады.

6-9 сыныптарға ҚР МСМ МК «Қазақ ұлттық хореография академиясы» ШЖҚ РМК-да бюджеттік орындар болған жағдайда ғана тек хореографиялық мектептерден, училищелерден, сертификатталған хореографиялық студиялардан ауысып келуге болады.

Егер сұрақтарыңыз қалса, байланыс телефоны: 8 (7172) 79-85-42.

Яндекс.Метрика