Қабылдау комиссияларының байланыстары

1-4 СЫНЫПТАРҒА ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР ҮШІН ФОТО БОЙЫНША АЛДЫН АЛА ҚАРАУ 2023 ЖЫЛДЫҢ 20 АҚПАНЫНАН БАСТАП ҚАЙТА БАСТАЛАДЫ
2023 ЖЫЛДЫҢ 20 АҚПАНЫНАН 15 МАУСЫМЫНА ДЕЙІН ФОТО БОЙЫНША ҚАРАУ КЕЗЕҢІ

Баланың физикалық деректері мен оның денесінің пропорциялары фотосуреттер бойынша алдын ала бағаланады. Фотосуреттерді баланың бойымен және қатаң түрде төмендегі фотосуреттердің бұрыштарына және талаптарына сәйкес түсіру керек.

Фото бойынша алдын ала қараудан өткен балалар 1-4 сыныптарға (Астана қаласында тұратын балалар үшін) және 4 сыныпқа (ҚР басқа өңірлерінде тұратын балалар үшін) түсу емтихандарын тапсыру үшін Қазақ ұлттық хореография академиясына (Астана қ.) шақырылатын болады.

Жалпы көрініс,  №1 фото (бойымен түскен фото)
• камераға қарап, жаймен түрегеп тұру;
• аяқтың арасын 1-2 см алшақ ұстап, бір-біріне паралель қою;
• қолды дене бойымен бірге қою.

Жалпы көрініс, №2 фото (бойымен түскен фото)
• камераға арқасымен, жаймен түрегеп тұру;
• аяқтың арасын 1-2 см алшақ ұстап, бір-біріне паралель қою;
• қолды дене бойымен бірге қою.

Бүктелу, №3 фото
• камераға қырынан түрегеп тұру;
• аяқты тізеден созу;
• аяқты бүкіл денесімен қысу.

Бүктелу, №4 фото
• еденде камераға қырынан қарап отыру;
• аяқты тізеден созып, еденге жабыстыру;
• аяқ табандарын алға созу;
• бүкіл денесімен аяқты қысу.

Табан, №5 фото
• еденде камераға қырынан қарап отыру;
• аяқты тізеден қатты созу (өкше еденге тимеу қажет);
• табанды алға созу (аяқ саусақтарын еденге тигізуге тырысу).

Табан, №6 фото
• камераға қарап түрегеп тұру;
• тірейтін аяқ сыртқа қарайды, екінші аяқтың ұшын келесі жаққа созу (табанды барынша созу);
• екі аяқтың тізесін барынша созу;
• бір қолымен тіректен ұстап тұруға болады (орындық, үстел және т.б.)

«Бақа», №7 фото
• камераға қырымен орналасу;
• етпетімен жатып, аяқты тура бұрышпен бүгу (90 градус);
• аяқ саусақтары бірге қосылған;
• бөксені, тізе мен табанды барынша еденге тигізу.

«Бақа», №8 фото (жоғары)
• камераға қырымен орналасу;
• арқасында жатып, аяқты тура бұрышпен бүгу (90 градус);
• қолды екі жаққа ашып жату;
• аяқ саусақтары бірге қосылған;
• тізе мен арқаны (бел) барынша еденге тигізу;

«Бақа», №9 фото (орташа)
• камераға қырымен орналасу;
• арқасында жатып, аяқты 45 градус бұрышпен бүгу (ромб);
• қолды екі жаққа ашып жату;
• аяқ саусақтары бірге қосылған;
• тізе мен арқаны (бел) барынша еденге тигізу;

«Бақа», №10 фото (төменгі)
• камераға қырымен орналасу;
• арқасында жатып, аяғын сәл бүгу (ұзартылған ромб);
• қолды екі жаққа ашып жату;
• аяқ саусақтары бірге қосылған;
• тізе мен арқаны (бел) барынша еденге тигізу;

Аяқты сыртқа қарату, №11 фото
• камераға қырынан тұру;
өкшені еденнен көтермей, барынша отыру;
• тізе екі жаққа, барынша сыртқа қаратылған;
• денені түзу ұстау;
• тіректен ұстап тұруға болады (орындық, үстел, балет білдегі және т.б.).

Аяқты сыртқа қарату, №12 фото
• арқасында жатып, камераға қырымен орналасу;
• арқаны (бел) барынша еденге тигізу;
• аяқтар тізеден созылған, барынша сыртқа қаратылған;
• табандар қысқартылған және екі жаққа қаратылған, барынша сыртқа қаратылған;
• табан өкшелері бір-біріне тығыз жабысып тұру қажет.

«Көпір», №13 фото
• камераға қырынан тұру;
• қолды еденге қойып, артқа бүгілу;
• арқаның иілгіштігін көрсетіп, аяқ пен қолды барынша жақындату.

Қадам, №14 фото
• камераға қарап түрегеп тұру;
• тірейтін аяқ сыртқа қарайды, екінші аяқты ассистенттің көмегімен барынша жоғары, сыртқа қаратып созу (табанды барынша созу);
• екі аяқтың тізесін барынша созу;
• денені қисайтпай тік ұстау;
• бір қолымен тіректен ұстап тұруға болады (орындық, үстел және т.б.).

Бойлық шпагат, №15 фото
• камераға қырымен орналасу;
• сол немесе оң аяқпен шпагатқа отыру.

Көлденең шпагат, №16 фото
• камераға қырымен орналасу;

Фотоға түсетін киім формасы

  • Қыздар ашық және иығында бауы бар, жабысып тұратын белдемшесіз купальник киеді, колготки және шұлық кимейді, шаштарын түйіп қояды.
  • Ұлдар іш киіммен түседі, майка, шұлық кимейді.

Жоғарыда көрсетілген 16 фотосуретті admissions@balletacademy.kz электрондық мекенжайға жіберу қажет.

Хатта баланың аты-жөнін, жасын, бойы мен салмағын, оқу тілін, оқуға түсетін сыныбы, тұрғылықты мекенжайын, ата-ананың (заңды өкілдерінің) байланыс телефондарын, кері байланыс үшін электрондық поштаны міндетті түрде көрсету қажет. Егер барлық 16 фотосурет баланың деректерімен қоса толық жіберілмесе, Сіздің балаңыздың кандидатурасы комиссиямен қарастырылмайды!

2 аптаның ішінде Сіздің электрондық поштаңызға жауап жіберіледі.

Яндекс.Метрика