Қабылдау комиссияларының байланыстары

ҚР МСМ МК «Қазақ ұлттық хореография академиясы» ШЖҚ РМК тарих пәні оқытушысының бос орны: 

Бос лауазымның атауы  Бағыт, пән  Бірлік, мөлшерлеме саны
Кәсіптік білім беру мектеп-колледжі
Жалпы білім беретін пәндер бойынша пәндік-циклдық комиссия
Орыс тілі оқытушысы 1. Орыс тілі және әдебиет орыс тілінде оқытылатын 5-9 сынып – апталық 22 сағат. 1,22

Лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптары:

Оқытушы: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды немесе тиісті бейіні бойынша техникалық және кәсіптік педагогикалық білім жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды; және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде педагог-шебер үшін педагогикалық жұмыс өтілі – 5 жыл; және (немесе) біліктілігінің жоғары және орта деңгейі болған кезде педагогикалық жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін кемінде 4 жыл.

 

ҚР МСМ МК «Қазақ ұлттық хореография академиясы» ШЖҚ РМК қажет:

1) Кәсіптік білім беру мектеп-колледжінің маманы.

Талаптары: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім. Білім беру ұйымдарында хатшы, іс жүргізуші, маман, әдіскер ретіндегі жұмыс тәжірибесі бар болуы тиіс.

Кәсіби білімі мен дағдылары:

  • Word, Excel, «1С», АИС «Күнделік.кз», «Платонус» кеңселік бағдарламаларының білімі.
  • құжаттарды тіркеу, кіріс қоңырауларды қабылдау дағдылары.
  • МБС және іс қағаздарын, құжаттарды құрастыру стандарттарының білімі.

Лауазымдық міндеттері:

  • білім алушылар контингентінің статистикасын жүргізу;
  • білім алушылар контингентінің қозғалысы бойынша бұйрықтардың жобаларын дайындау;
  • 2-НК, ҰБДҚ – статистикалық есептілікті жүзеге асыру;
  • Кәсіптік білім беру мектеп-колледжінің білім алушыларын қызметтік жазбалар негізінде сабақтардан босату туралы өкім дайындау;
  • Академияның кәсіптік білім беру мектеп-колледжінің ішкі құжаттарына өзгерістер енгізу бойынша жұмыс жүргізу;
  • Кәсіптік білім беру мектеп-колледжі білім алушыларының жеке істерін ресімдеу, кәсіптік білім беру мектеп-колледжінің істер номенклатурасына сәйкес құжаттаманы жүргізу;
  • Кәсіптік білім беру мектеп-колледжінің өзге де жұмыскерлерінің лауазымдық міндеттерін олар уақытша болмаған кезеңде орындау (ауыстыру);
  • ақпараттық қауіпсіздікті және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттама талаптарының орындалуын қамтамасыз ету.

2) Халықаралық ынтымақтастық және қоғаммен байланыс бөлімінің жетекші маманы.

Талаптары:  кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және қызмет бағыты бойынша жұмыс өтілі кемінде 2 жыл болуы тиіс.

Кәсіби білімі мен дағдылары:

  • бұқаралық ақпарат құралдары және жарнама туралы заңнаманың негіздері, қоғаммен байланыс саласындағы кәсіби және этикалық қағидаттардың халықаралық және ұлттық кодекстері;
  • тілдерді білу: қазақ, орыс, ағылшын;
  • заманауи техникалық байланыс құралдары мен компьютерлік технологияларды қолдана отырып, ақпаратты жинау және өңдеу әдістері;
  • бұқаралық ақпарат құралдарына мониторинг жүргізу әдістемесі;
  • жарнамалық хабарламалардың, мақалалардың, үндеулердің, көпшілік алдында сөйлеудің құрамы мен стилінің заңдары.

Лауазымдық міндеттері:

  •  бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен және жұртшылықпен тұрақты өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
  •  Академияның жұмысын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау;
  •  бұқаралық ақпарат құралдарында басшылардың сөз сөйлеуін ұйымдастыру, мақалалар мен сөйлеулер жазу;
  •  бұқаралық есептік құжаттаманы дайындауды жүзеге асыру.

3) Массаж жасаушы.

Талаптары: медициналылқ орта (мейірбике) немесе орта (техникалық және кәсіптік) медициналық білімі, «Мейірбике ісі», «Емдік іс» мамандықтары бойынша медициналық білімі, тиісті мамандық бойынша маман сертификаты және бейіні бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл  болуы тиіс.

Кәсіби білімі мен дағдылары:

– еңбекке уақытша жарамсыздық сараптамасының және медициналық-әлеуметтік сараптаманың негіздерін, аурулардың халықаралық және отандық сыныптамасының негіздерін; халық денсаулығының статистикасын, денсаулық сақтау критерийлері мен көрсеткіштерін, емдік массаж жүргізу негіздерін, массаж түрлері мен типтерін, ағзаның анатомия, физиология және патофизиология негіздерін, жас физиологиясын, асқынулардың алдын алу және жою жөніндегі шараларды білу.

Лауазымдық міндеттері:

емдік (классикалық), сегменттік, нүктелік, спорттық, гигиеналық, косметикалық, аппараттық массаж жүргізеді, тірек-қимыл аппаратының, орталық және перифериялық жүйке жүйесінің, ішкі ағзалардың аурулары мен жарақаттарына, метаболизм ауруларына, несеп-жыныс жүйесіне, қалпына келтіру емінің операциядан кейінгі кезеңінде теріге жеке массаж әдістерін қолданады, балалардағы массаж әдістерін қолданады, массаж және физикалық жаттығуды бақылайды, массажды емдік дене шынықтырумен, физиотерапиялық процедуралармен, тартумен, қолмен терапиямен үйлестіру ережесі, пациенттер мен медициналық персоналдың инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, массаж кабинетінде инфекциялық бақылау талаптарын орындайды

4) Дене шынықтыру бойынша нұсқаушы.

Талаптары: техникалық және кәсіптік немесе жоғары медициналық, дене шынықтыру білімі, мамандық бойынша біліктілігін арттыру туралы сертификат, аталған мамандық бойынша жұмыс өтілі кемінде 3 жыл болуы тиіс.

Кәсіби білімі мен дағдылары:

– дене анатомиясының, физиологиясының және патофизиологиясының негіздері, жас физиологиясы, әртүрлі аурулармен емдік дене шынықтыру сабақтарын өткізу әдістемесі, емдік дене шынықтыру сабақтарын өткізуге көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштер, емдік дене шынықтыруды жүргізу кезіндегі ықтимал асқынулар, олардың алдын алу және жою шаралары.

Лауазымдық міндеттері:

  емдік және гигиеналық гимнастикамен жеке және топтық сабақтар өткізуді жүзеге асырады, дене жүктемесімен функционалдық сынамалар жүргізеді, дене дамуын, дене еңбегіне қабілеттілігін, сыртқы тыныс алу, жүрек–қантамыр жүйесі, жүйке-бұлшықет аппараты функцияларын емдік дене шынықтырумен айналысу кезінде бағалайды; дәрігермен бірлесіп емдік гимнастика схемаларын және жеке дене жаттығуларының кешендерін әзірлейді; білім алушылардың дене шынықтырумен және сабақ өткізгеннен кейін; шұғыл жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсетеді; санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізуге қатысады; емдік дене шынықтырумен топтық және жеке сабақтарға арналған залдың жұмысын ұйымдастыруға қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді.

5) Концерттік қызмет және сахналық практика бөлімінің маманы.

Талаптары: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі болуы тиіс.

Кәсіби білімі мен дағдылары:

– режиссура және актерлік шеберлік негіздерін, қойылымдарды музыкалық және шулы безендіру теориясы мен практикасын, қазіргі заманғы дыбыс жазу және дыбыс шығару аппаратурасының параметрлері мен техникалық сипаттамаларын, дыбыс жазу және дыбыс шығару технологиясын, акустика негіздерін, театр және концерт залдарының акустикалық мүмкіндіктерін білу.

Лауазымдық міндеттері:

– бөлімнің қызметін қамтамасыз ететін қажетті құжаттарды дайындауды жүзеге асырады (дайындықтар кестесі, оқушылар тізімі, орындаушылар құрамы, қызметтік жазбалар, архивке құжаттарды дайындау және т. б.); бөлімнің құжаттарын қабылдауды, есепке алуды, тіркеуді және сақтауды қамтамасыз етеді; Академия басшыларының қол қоюына ұсынылатын құжаттардың дайындалу сапасын, дұрыс жасалуын, келісілуін, бекітілуін бақылайды; Академияның оқу театрында, Астана Опера және Астана Балет театрларында оқушылар мен студенттердің сахналық практикасын жүргізуді бақылайды; бөлім қызметіне тікелей қатысты мәселелер бойынша басқа ұйымдармен жедел байланысты жүзеге асырады; кәсіптік білім беру мектеп-колледжі оқытушыларының дайындық сағаттарының есебін жүргізеді; Академияның концерттік қызметімен айналысатын білім алушылардың есебін жүргізеді.

HR@balletacademy.kz электрондық поштасына түйіндемелерді жолдау қажет.

Байланыс телефондары:
+ 7 7172 790847
+ 7 7172 798557
HR@balletacademy.kz

Яндекс.Метрика