Қабылдау комиссияларының байланыстары

Семинар «Кейінге қалдыру дегеніміз не: себептері мен күресу жолдары»

2023 жылдың 23 қаңтарында Қазақ ұлттық хореография академиясында бакалавриат студенттеріне арналған «Кейінге қалдыру дегеніміз не: себептері және күресу жолдары» тақырыбында семинар өтті. Іс-шараны Академияның педагог-психологы М.Б. Ибрагим ЖОО-ның академиялық топтарының кураторларымен бірге өткізді.

Семинардың мақсаты: студенттерді «кейінге қалдыру» ұғымы, оның пайда болу себептерімен таныстыру, күресу жолдарын талқылау.

Іс-шара барысында студенттер кейінге қалдырудың жалқаулықтан айырмашылығын, Жер бетінде қанша адам оған бейім екенін білді. Кейінге қалдырудың себептері мен онымен күресу жолдары талқыланды. Талқылау барысында студенттер өз болжамдарымен бөлісті. Сабақ соңында студенттер педагог-психологқа өз сұрақтарын қойып, кәсіби кеңестер алуға мүмкіндік берген пікір алмасу өткізілді.

Яндекс.Метрика