Қабылдау комиссияларының байланыстары

«Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Хабаршысы» ғылыми журналы №1(106)/2023 шығарылымына ғылыми мақалалар жинағын жариялайды

«Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Хабаршысы» ғылыми журналы №1(106)/2023 шығарылымына ғылыми мақалалар жинағын жариялайды.
Мақалалар 2023 жылдың 10-ақпанына дейін қабылданады. Мақаланы редакцияға келесі электрондық пошта арқылы жіберуге болады: vestnik@zu.edu.kz.

Журналдың жиілігі
«Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Хабаршысы» ғылыми журналы жылына 4 рет келесі белгіленген мерзімдерде шығарылады:
№1 – 30-наурызға дейін;
№2 – 30-маусымға дейін;
№3 – 30-қазанға дейін;
№4 – 30-желтоқсанға дейін.
Мақалалар келесі белгіленген мерзімдерде қабылданады:
№1 – 10-ақпанға дейін;
№2 – 10-мамырға дейін;
№3 – 10-қыркүйекке дейін;
№4 – 10-қарашаға дейін.

Жалпы ережелер
«Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Хабаршысы» ғылыми журналы толық мақалалар түрінде ресімделген түпнұсқа зерттеулердің нәтижелерін қамтитын материалдарды жариялауға қабылдайды. Жариялау үшін ұсынылатын Материал басқа ғылыми басылымдарда бұрын жарияланбаған түпнұсқа болуы, журналдардың бейіні мен ғылыми деңгейіне сәйкес келуі тиіс. Тақырыптық сәйкессіздік туралы шешімді редакциялық алқа арнайы рецензиясыз және себептерін негіздемей қабылдауы мүмкін. Студенттер мен магистранттардың жұмыстары тек ғылыми жетекшілермен бірлесіп немесе ғылыми жетекшілерінен рецензия болған жағдайда ғана қабылданады.

Информационное письмо Вестник №1(106) 2023г.

Яндекс.Метрика