Қабылдау комиссияларының байланыстары

«ZIAT» Ғылыми – әдістемелік орталығы «Ғылым шарайнасы» атты ХVІ республикалық колледж және ЖОО студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстары сайысын жариялайды

Конкурстың мақсаты мен міндеті
Конкурс студенттердің арасында ғылыми-зерттеу дағдысын дамытуға, біліктілігін арттыру мақсатында өткізіледі.
Конкурстың басты міндеті студенттердің теориялық және практикалық дайындықтарын қажет етеді, олардың шығармашылық дамуына ықпал етеді ғылымның, техниканың, өндірістің талабына сай біліктілігін жоғарлату
Қатысушылар контингенті: Колледж, университет студенттері. Қатысу жеке немесе біріккен болуы мүмкін. Біріккен әзірлеменің авторлар саны – екіден аспауы тиіс.
Сайыстың өткізілу тәртібі: Сайысқа қатысу форматы – сырттай, яғни қатысушының қатынасуын қажет етпейді. Сайысқа қатысушылар өз жұмыстарын электронды түрде электронды пошта арқылы жіберед.

Сайыстың өткізілу уақыты
1. құжаттарды қабылдау 30.09.2023 ж. дейін
2. жұмыстарды тексеру 02.10 – 14.10.2023 ж.
3. дипломдарды жіберу 22 қазаннан кейін

Сайысқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
Сайысқа қатысу үшін жұмыстар nauka.hr@mail.ru электронды поштасына қабылданады.
– қатысушының өтініш-сауалнамасы
– ғылыми жұмыс
– ұйымдастырушылық төлем төлегені туралы квитанция көшірмесі.

Ғылым шарайнасы

Яндекс.Метрика