Қабылдау комиссияларының байланыстары

Б. Аюханов – АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Александр Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесі 2023 жылғы 12 қыркүйекте Қазақ КСР Халық әртісі Б. Аюхановтың туғанына 85 жыл толуына орай еске алу-кездесу өткізеді: Қазақстанның көрнекті тұлғасы мен балет театрының қайраткері, педагог, басшы және тұлғаның орны мен рөлі.

Құрметті театр және ансамбль ардагерлері, Болат Ғазизұлының әріптестері мен шәкірттері, ЖОО басшылары, педагогтары мен студенттері, балет әртістері Сіздерді белсенді қатысуға шақырамыз. Баяндамалар-естеліктер қабылданады, күндізгі, сырттай (бейнежазба), қашықтықтан (онлайн қосылу) қатысуға болады.

Баяндама материалдарын, сөз сөйлеу бейнежазбаларын 2023 жылғы 9 қыркүйекке дейін umo02150700@mail.ru. электрондық поштаға жіберуді сұраймыз

Авторлар мәліметтердің, дәйексөздердің, сілтемелердің және әдебиеттер тізімінің дәлдігі мен дұрыстығына толық жауап береді.

Александр Селезнев атындағы Алматы хореографиялық
 училищесінің оқу-әдістемелік бірлестігі
байланыс  телефоны: +7 705 539 0590 – Шолпан Тлюмратовна,
директордың ОӘБ бойынша орынбасары

Яндекс.Метрика