Қабылдау комиссияларының байланыстары

Хореография академиясы Білім күнін атап өтті

Бүгін Білім күніне орай Қазақ ұлттық хореография Академиясында оқу жылының басталуына арналған салтанатты жиын өткізілді. Академия ректоры Бибігүл Нүсіпжанова әлемде хореографияны оқыту мен дамытудың маңыздылығын атап өтіп, барлық білім алушыларды жаңа кезеңнің басталуымен құттықтады.

Академияның көркемдік жетекшісі Алтынай Асылмұратова оқу орнының бірегейлігін ескеріп, ата-аналарды балаларына қолдау көрсетуге және оларға сенуге шақырды, сондай-ақ денсаулық пен табыс тіледі.

Академия биылғы оқу жылына қабылдаған жүзден астам жаңа білім алушыларына болашақта үлкен үміт арта отырып, оларға еңбекқорлық пен ізденімпаздық, табандылық пен өз қабілеттеріне сенімділік тілейді. Сәт сапар!

Яндекс.Метрика