Қабылдау комиссияларының байланыстары

«Мен, сен, ол, біз – тату отбасымыз!»

2021 жылдың қазан айында Қазақ ұлттық хореография академиясының тұрғын үй корпусында интернат тәрбиеленушілерімен «Мен, сен, ол, біз –  тату отбасымыз!» атты әлеуметтік-психологиялық тренинг өткізілді. Тренингті ұйымдастырушы – тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімі.

Тренинг бірлік пен ынтымақ, өзара сыйластық сезімін қалыптастыру, сонымен қатар ұжымда психологиялық және эмоционалдық үйлесімділіктің оңтайлы деңгейін орнату мақсатында өткізілді. Тренинг барысында оқушылар бірлесе әрекет ету, мәселелерді бірлесіп шешу қабілеттерін дамытты.

Тренингке қатысушылар бірлік пен өзара түсіністіктің күші туралы нақыл сөздерді тыңдап, пікір алмасты. Балалардың назарына бейнеролик ұсынылды,  фильм кейіпкерлері бірліктің, ынтымақ пен өзара қолдаудың арқасында ғана өз өмірін сақтап қалған.

Балалар топтастыру және өзара түсіністікке арналған түрлі психологиялық ойындарға белсене қатысты.

Әлеуметтік-психологиялық тренинг позитивті атмосферада өтті.

Яндекс.Метрика