Қабылдау комиссияларының байланыстары

Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Ұлы даланың Ұлы тұлғалары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның пост-релизі

2021 жылдың 14-қазанында Қазақ ұлттық хореография академиясында Қазақстан тәуелсіздігінің 30-жылдығына арналған «Ұлы даланың Ұлы тұлғалары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция аясында бірқатар шаралар өтті.

Пленарлық отырысты Қазақ ұлттық хореография академиясының бірінші проректоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, професссор Нүсіпжанова Бибігүл Нұрғалиқызы ашты. Құттықтау сөзінде Бибігүл Нұрғалиқызы конференция қатысушыларына сәттілік тілей отыра, халқымыздың тарихынан тағлым алып, ұлы тұлғаларды әрдайым ұлықтап жүру парыз екенін айтты.

Конференцияның пленарлық жұмысына Әзірбайжан Республикасының Халық әртісі, Баку хореография академиясының шетел байланыстары бойынша проректоры Тарана Мурадова, Н.Г.Жиганов атындағы Қазан мемлекеттік консерваториясының ғылыми жұмыстар және даму мәселелері бойынша проректоры Хайрутдинова Д.М., Түркия республикасы Коджаели Универсиетінің қауымдастырылған профессоры Sema Ulper Oktar, К.Охридский атындағы София университетінің қауымдастырылған профессоры Кривирадаева Б.И., «Проф. Асен Диамандиев» Музыка, би және бейнелеу өнері академиясының профессоры Весела Казашка және т.б. қатысып, өздерінің жүрекжарды ыстық ықыластарын жолдады.

Конференцияның жұмысы өнертану кандидаты, профессор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Г.Ю.Саитованың жетекшілігімен жарық көрген «Түркі халықтарының би мәдениеті» ұжымдық монографиясының тұсаукесерімен жалғасты.

Интерактивті форматта өткен дөңгелек үстелге ұжымдық монографияның барлық авторлары, Академияның педагогтары, студенттері, магистранттары мен докторанттары шақырылды. Тікелей және онлайн форматта өткен авторлар диалогы тыңдаушылар арасында шынайы қызығушылық тудырды. Іс-шараның түпкі нәтижесі аталған кітапқа сұраныстың санынан көрінеді деп сенеміз.

YOUTUBE каналда онлайн форматта өткен «Өнер жеке тұлғаны дамытудың тәжірибесі» атты Академияның кіші трибунасы 1-ші және 2 – курс студенттерін біріктірді. Қатысушылардың баяндамалары көп бағыттылығымен, тереңдігімен таң қалдырды. Түрлі тақырыпта баяндама жасаған жас ғалымдар өнердің жеке тұлғаны дамытудың тәжірибесі екенін баса көрсетті.

Конференция Science cafe-де өткен «ХХІ ғасырдағы тұлға және білім» атты іс-шарамен жалғасты. Бейресми жағдайда өткен іс-шараға академияның магистанттары, докторанттары мен оқытушылары қатысып, қазақ жерінің тарихымен байланысы бар тұлғалардың өмірінен сыр шертті. Іс-шара мазмұнды да, қызықты өтті.

Конференциядан алған әсерлер қатысушыларды жаңа шығармашылық жетістіктерге жетелейді деп сенеміз!

 

Яндекс.Метрика