Қабылдау комиссияларының байланыстары

«Jastar jalyny – 2021» шығармашыл жастар фестивалі

2021 жылдың 11 қазанында елордалық «NOMAD City Hall» концерт залында «Jastar jalyny – 202» шығармашыл жастар фестивалінің салтанатты ашылуы өтті.

Биылғы ауқымды фестиваль Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған. Фестивальді Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен Қазақстанның жастар фракциясы ұйымдастырды. Байқау 10 номинация бойынша өткізіледі. Оның ішінде:
– эстрада
– музыкалық аспаптар
– ұлттық би
– айтыс
– театр
– поэзия
– сурет салу
– медиа
– замануи би
– жастар қуаты.

Қазақ ұлттық хореография академиясының студенттері фестивальге 6 номинация бойынша қатысады.
Біздің сайыскерлердің шығармашылық бәйгеде оза шауып, барлық кезеңдерден сүрінбей өтуіне тілектеспіз. Байқауда сәттілік пен жеңіс тілейміз!

Яндекс.Метрика