Қабылдау комиссияларының байланыстары

«Ұлы даланың ұлы тұлғалары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның пресс-релизі

2021 жылдың 14 қазанында Қазақ ұлттық хореография академиясында Қазақстан тәуелсіздігінің 30-жылдығына арналған «Ұлы даланың ұлы тұлғалары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді. Конференция онлайн-форматта Ballet Academy YOUTUBE каналында өтеді.

Конференцияның мақсаты – білім, ғылым, өнер саласында пікірлермен және идеялармен алмасу үшін жағдай жасау және қазіргі Қазақстанның мәдениеті, өнері мен білімін қалыптастырудағы өнер саласындағы зиялылардың қосқан үлесін бағалау.

Конференцияның өту барысында келесі бағыттар бойынша жұмыстар жоспарланған:
– Шығармашылық зиялы қауымның қазақ тарихы, мәдениеті, білімі контекстіндегі мұрасы.
– Ыбырай Алтынсариннің мұрасы және қазіргі кәсіби білім беру.
– Өркениеттердің мәдениетаралық диалогындағы шығармашылық тұлға.
– ХХІ ғасырдағы тұлға және білім.
– Өнер – жеке тұлғаны дамытудың тәжірибесі.
– Пандемия және қауіпті жағдайлар кезіндегі қоғам мен тұлғаның өзгеруі.
– Сандық қоғамдағы жеке тұлғаны тәрбиелеу.

Конференция жұмысына Болгария, Түркия, Ресей, Әзірбайжан, Қазақстан және тағы да басқа елдердің ғалымдары, еңбек сіңірген өнер қайраткерлері қатысады.

Конференция аясында төмендегі іс-шаралар жоспарланған:
– Пленарлық отырыс. Өту орны мен уақыты: Ballet Academy YOUTUBE каналы (басталуы сағ. 12.00)
– Өнертану кандидаты, профессор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Г.Ю.Саитованың жетекшілігімен жарық көрген «Түркі халықтарының би мәдениеті» ұжымдық монографиясының тұсаукесері. Өту орны мен уақыты: конференц-зал (басталуы сағ. 14.00)
– «Өнер – жеке тұлғаны дамытудың тәжірибесі» атты Академияның кіші трибунасы. Өту орны мен уақыты: Ballet Academy YOUTUBE каналы (басталуы сағ. 16.00).
– «ХХІ ғасырдағы тұлға және білім» SCIENCE CAFE. Өту орны мен уақыты: конференц-зал (басталуы сағ. 16.00).
Конференция материалдары бойынша қатысушылардың мақалалар жинағы шығады.

«ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛЫ ТҰЛҒАЛАРЫ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ – 14 қазан 2021 жыл

Яндекс.Метрика