Қабылдау комиссияларының байланыстары

Қазақ ұлттық хореография академиясы білім алушыларына Нұрсұлтан Назарбаев Қорының студенттік стипендиясы тағайындалды

Нұрсұлтан Назарбаев Қорының студенттік стипендиясын тағайындау байқауы талаптарына сәйкес, Академияда өткізілген  іріктеуден сәтті өткен   2 білім алушы республикалық турға қатысты. Олар техникалық және кәсіптік білім беру «Хореографиялық өнер» мамандығы «Балет әртісі» білім алушысы Айдарова Лимара және бакалавриат «Хореография» мамандығы «Спорттық бал биінің педагогикасы» мамандануы білім алушысы Карев Рустам.

Нәтижесінде аталған білім алушыларға оқудағы  және өнер  жолындағы жетістіктері үшін Нұрсұлтан Назарбаев Қорының студенттік стипендиясы тағайындалды.

Жүзден жүйрік шыққан білім алушыларды жетістіктерімен шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылық табыс тілейміз.

Яндекс.Метрика