Оқу-әдістемелік еңбектер таныстырылымы
2020 жылғы 26 ақпанда Оқу процесін әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің ұйымдастыруымен Академия профессор-оқытушыларының ғылыми және оқу-әдістемелік тәжірибелерінің нәтижесінде орындалып, Ғылыми кеңес пен Оқу-әдістемелік кеңестің шешімімен жарық көрген оқу-әдістемелік еңбектердің таныстырылымы өтті.
Аталған іс-шарада:
– Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, өнертану кандидаты, Өнертану және арт-менеджмент кафедрасының профессоры Гульнара Юсуповна Саитованың «Рекомендации для самостоятельных работ по дисциплине «Восточный танец» атты әдістемелік нұсқаулығы;
– Қазақстан композиторлар одағының мүшесі, халықаралық, республикалық конкурстардың лауреаты, өнер магистрі, Режиссура кафедрасының аға оқытушысы Тасқын Жармұқаметтің «Қазақ елі» және «Шоқан ізі» симфониялық поэмалары;
– РhD, Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының доценті Балабек Кеніштайұлы Сақтағановтың «Өнер психологиясы» оқу құралы таныстырылып, кітапхана қорына тапсырылды.