Covid-19: Академия қызметкерлері коронавирусқа қарсы вакцинациядан өтуде
Қазақ ұлттық хореография академиясында коронавирусқа қарсы екпе жасалды. Қызметкерлер мен студенттер Спутник V ресейлік вакцинаның бірінші компонентін алды.
Ұжымның қауіпсіздігі және қызметкерлерге қолайлы болу үшін рәсімді Академияның медициналық блогында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің №9 қалалық емханасының №2 көшпелі бригадасының медицина қызметкерлері өткізді.
Айта кетейік, бұл Академия қызметкерлері арасында вакцинацияның үшінші кезеңі, екпелер ерікті негізде жасалады.
![](https://balletacademy.edu.kz/wp-content/uploads/2021/05/lukovkin.jpg)
![](https://balletacademy.edu.kz/wp-content/uploads/2021/05/ag1a5173g-.jpg)