Қабылдау комиссияларының байланыстары

Қазақ ұлттық хореография академиясының қызметкерлері Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай марапатталды.

Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Astana Ballet театрында салтанатты іс-шара өтті, онда Қазақ ұлттық хореография академиясы қызметкерлерінің еңбегі атап өтілді.

Қазақстан мәдениеті мен өнерінің маңызды өкілдерін жинаған іс-шараны ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызы Балаева өткізді.

Осы мерекеде Қазақ ұлттық хореография академиясы ұжымының екі құрметті мүшесі лайықты марапаттарға ие болды. Кәсіптік білім беру мектеп-колледжінің басшысы Светлана Юрьевна Кокшинова хореографиялық мәдениетті дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің алғыс хатымен марапатталды.

Сонымен қатар, кәсіптік білім беру мектеп-колледжінің арнайы пәндер бойынша пәндік-циклдық комиссиясының оқытушысы Абдулина Назира Сәрсебайқызы мәдениет пен өнерді дамытуға қосқан сөзсіз үлесі үшін «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі іс-шарада сөз сөйлеп, барлық мәдениет және өнер қызметкерлеріне алғысын білдірді. «Сіздің кәсібилігіңіз, шығармашылық шеберлігіңіз, жанқиярлық еңбегіңіз қазақстандық қоғамның рухани-адамгершілік бағдарын қалыптастыруға барынша пайдалы әсер ететініне сенімдімін. Сіздер мемлекеттің зәкірі және тірегісіздер, патриотизмнің, бірліктің, ұйымшылдық пен рухани-адамгершілік құндылықтардың жарқын жолсеріктері болып табыласыздар», – деп атап өтті Аида Ғалымқызы.

Қазақ ұлттық хореография академиясы Светлана Юрьевна мен Назира Сәрсебайқызын лайықты наградаларымен құттықтап, одан әрі табыс, шабыт және жаңа шығармашылық жетістіктер тілейді!

Яндекс.Метрика