Қабылдау комиссияларының байланыстары

2023-2024 жылдардағы Қазақ ұлттық хореография академиясының жетістіктері: академиялық және шығармашылық дәрежелер

Қазақ ұлттық хореография академиясы хореография өнері мен білім беру саласында жаңа биіктерге жетуді жалғастыруда.
2023-2024 жылдардағы жетістіктер Академияның сөзсіз көшбасшылығы мен инновациялық тәсілін көрсетеді. Біз Академияның өткен оқу жылындағы негізгі жетістіктерімен бөлісуге қуаныштымыз.
Академия ұлттық және халықаралық рейтингтерде жетекші орын алады. Студенттер мен оқытушылар керемет нәтижелерге қол жеткізуді жалғастыруда, бұл жоғары бағалар мен құрметтермен расталады.
Қазақ ұлттық хореография академиясы «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы жүргізген зерттеуге сәйкес, студенттердің жұмысқа орналасу деңгейі 100 % – ға жетеді деп мақтанышпен айта алады. Бұл маңызды жетістік Академия өз студенттеріне ұсынатын кәсіби дайындықтың жоғары деңгейін растайды. Оқу процесінде алған сапалы білімі мен практикалық дағдыларының арқасында Академия түлектері кәсіби ортаға еніп, Қазақстанда да, елден тыс жерлерде де хореография саласында өздерінің орнын табады.
«Хореографиялық өнер педагогикасы» бағдарламасы «Атамекен» ҰКП – 2023 үздік білім беру бағдарламалары рейтингінде бірінші орынға ие болды.

Шығармашылық қызмет
2023-2024 оқу жылында Академия 50 концерт өткізді, оның ішінде 3 үкіметтік концерт.
Академия «Вalletto Nazionale Italiano» компаниясымен бірлесе отырып, әйгілі «Щелкунчикті» қоса алғанда, 52 спектакль ұсынды.
«Astana Ballet» театрының 35 спектакль және «Astana Opera» театрында 16 спектакль қойылды.
Академия республикалық және халықаралық конкурстарда 52 жүлделі орынға ие болды, 40 хореографиялық қойылым ұйымдастырды және Академия базасында 1 халықаралық және 1 Республикалық конкурс өткізді. Бұл байқаулардың әрқайсысы жаңа таланттарды анықтауға және әртүрлі елдердің әріптестерімен тәжірибе алмасуға арналған алаң болды.
Академия үшін 2024 жылдың маңызды оқиғаларының бірі Ресейдің Пермь қаласында өткен XVIII Ашық ресейлік «Арабеск-2024» балет әртістерінің байқауында студенттердің балет саласындағы беделді, күрделі және жоғары кәсіби жеңісі болды. Академия студенттері кіші топ санатында 2 және 3 орындарға ие болды.
Латвияда «Рига көктемі» XVII халықаралық хореография байқауында Академия «Халық биі» номинациясында 1 орынды және үздік хореография үшін 3 орынды жеңіп алды.
Түркиядағы Әлем Кубогында пара би бойынша да Академия 2 және 3 орынға ие болды.

Маңызды жобалар
Академия түрлі маңызды жобаларға жұмыла кіріседі және қатысады:

  • ҚР Халық әртісі Гүлжан Талпақова атындағы Әлем халықтары биінің III Республикалық байқауы;
  • CNPC «Бір белдеу – бір жол» іс-шарасы аясында «BDA Dance Forum 2023» халықаралық форумы, оған Академияның Бейжіңдегі (Қытай) гастрольдері кірді;
  • ҚазССР халық әртісі Дәурен Әбіров атындағы жеке ерлер қазақ биінің I Республикалық байқауы;
  • Ресей, Үндістан, Қытай, АҚШ және Польшадағы халықаралық шеберлік сыныптары.

Бішкектегі (Қырғызстан) А. Малдыбаев атындағы Қырғыз Ұлттық академиялық опера және балет театрында Академия білім алушыларының Гала-концерті.

Стратегиялық бағыт
Академия ғылыми және зерттеу жұмыстарын белсенді жүргізеді:

  • Іске асырылып жатқан 2 ғылыми жоба оқытудың жаңа әдістемелерін дамытуға және хореографиялық өнерді жетілдіруге бағытталған.
  • Қаржыландырылатын 3 білім беру және зерттеу жобасы білім беру сапасын арттыруға және инновацияларды енгізуге ықпал етеді.
  • 2 ғылыми зертхана және қаржыландырылатын 3 ҒЗТКЖ озық зерттеулер жүргізуге және олардың нәтижелерін білім беру процесіне енгізуге мүмкіндік береді.
  • 4 авторлық куәлік Академияның ғылыми әзірлемелерінің жоғары деңгейін растайды.

Академия 24 ғылыми іс-шара ұйымдастырды және магистранттардың 41-ге жуық жарияланымдары және докторанттардың халықаралық журналдарда 2 жарияланымдары бар. Магистранттар мен докторанттар шетелде, Өзбекстан мен Болгария сияқты елдерде ғылыми тағылымдамадан өтеді.

Ресурстар және цифрландыру
Академия цифрлық технологияларды белсенді енгізуде және материалдық-техникалық базаны жаңартуда:
100% Moodle платформасын енгізу;
100% мультимедиялық аудиториялық қор және 100% балет залдары мен оқу аудиторияларын цифрлық жабдықтармен қамтамасыз ету;
Академияның кітап қорында 33 774 кітап бар және ол SCOPUS және Wiley Journal Database сияқты шетелдік дерекқорлармен белсенді жұмыс істейді, бұл студенттер мен оқытушыларға соңғы ғылыми жетістіктер мен зерттеулерден хабардар болуға мүмкіндік береді.
Осы жетістіктердің әрқайсысы Академияның кемелдік пен инновацияға деген үздіксіз ұмтылысын көрсетеді. Біз жаңа академиялық биіктерге жетуді, білім беру бағдарламаларымызды дамытуды, материалдық-техникалық базаны жақсартуды және халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуді жалғастырамыз.
Қазақ ұлттық хореография академиясы әрдайым жаңа сын-тегеуріндерге дайын және хореографиялық өнер мен білім берудің жаңа шыңдарына ұмтыла отырып, болашаққа сеніммен қарайды.

Яндекс.Метрика